Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова кенже ұлының үйлену тойында барша қонақтың алдында жас келініне ән арнады. Ұлының жас жұбайын ортаға алып шыққан ол әсерлі сәтте көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Гүлзира Айдарбекова келініне ән айтқан видеосын Instagram парақшасында бөліскен. “

Әулеттің көркі бол. Әдепті келінім бол. Ұлымның сенім артқан серігі бол. Алла бақ берсін балапандарым! Бұрындары қыз ұзатушы едім, бұл жолы Қарақат келінімнің әнінің сөзіне кішкене өзгеріс енгізіп, өз ойымды жеткізуге тырысып, өз келініме осы әнді арнадым. Болашақ ұрпағымыздың аналары, келіндерімізге ана бақытын тіледім”, – деп жазды ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Заңғар Нұртастың қалыңдығы да бұл сәттен ерекше әсер алып, анасына алғысын білдірді. “Мама, үлкен рахмет. Заңғар екеуіміз сіздің үмітіңізді ақтаймыз”, – деп жазды ол.

Айта кетейік, кеше 27 наурызда Алматы төрінде Заңғар Нұртастың үйлену тойы өткен болатын.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: