АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]Әуелбекованың экс-күйеуі өзі сыйлаған автокөлікті тартып алып, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен[:]

[:kz]

 

Мөлдір Әуелбекова басынан өткен жайсыз хабарды жеткізді. Әнші бұрынғы күйеуі сыйлаған автокөлігімен жол апатына түсіп қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен айдаған бэнтли бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз», — деп бөлісті Әуелбекова. 

Сорақысы сол, бұл көлікті сыйлаған әншінің экс-күйеуі апаттан кейін оны тартып алған. Ол аздай, жөндеуіне қомақты қаржы талап етуде. 


«Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін сол сыйлаған адам алып қойып, еще бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен», — деді Мөлдір.


Әнші мұны экс-күйеуі жасағанын растады. 

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұғым тағы бір дәлелденді. 

Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Алла күнімізді біреуге қаратпасын!» — деді Әуелбекова.

 

[:]