АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ата-бабасы Ресейде туған»: Тамара Асар күйеуін таныстырды [:]

[:kz]

 

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің айтуы бойынша, көрген түсі өңінде орындалды. 

«Адамның бақыты өз жүрегінде, Ой-сезiмiнде. Отбасы, Ошаққасында. Ауылдағы Анамыз біз үйленген кезде, «Бақыттарыңды өз бойларына әбден сiндiрiп алып, кештеу жариялаңдар»-деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз…

Әр қимылымнан бакыт іздеген, небір қиындық болса да,құдайдың берерінен үмітімді үзбеген, еңбектi ермек еткен, сырлы сабырды салмақ еткен, діттеген мақсаты бар арманшыл әйел затымын… (ниетім)

Темiрден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған,өз ата-анасы бақилық болған, езі өмір көрген,менi көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйлендi.

 

Тамара Асар тұрмысқа шықты

Өзім де іштей: «Мендей келіншек,дәл осы азаматтың шәйін қайнатып,отын тұтатуы керек»-деген ойға тоқтадым. Шукір а Осыған дейінгі «Шоңқайма етік»жайында инста парақшамдағы жазбамды оқысаңыз, түсінесіз.

Ештен кеш жақсы, үйге қонаққа келген, Айгүл құрбымның парақшасындағы @aigulyelshibayeva01 ақжарма актiлегiнен кейін, менi бiлетiн де, білмейтін де, оқитын да,окымайтын да сайттар, арналар, аккаунттар,парақшалар, «Айды аспанға шығарып» жарысып, жар салып жаткасын, өз парақшамнан дыбыс бiлдiрмеуiм әбестік деп есептеп, көңiлi көлдей көрерменіме өз аузымнан жазып отырған жайым бар. Кеше Ресми сайтқа ресми мәлімдемені продюсерім Жан Мұқанов жасады. Құлағдар болған елдiң басым көпшiлiгi шын куанып, тiлектерiн жаудыртып жатса, араларынан әншiлердi сөзбен сынап-сыбап жатқандарында көзім шалып отырды. Үлкен рахмет. Ниеттері өздеріне жолдас болады ғой. Жаратқанның құзырына бердік бәрін.

 

P.S.Алламыздың қалауымен,Әкемiздiң батасымен, Шешемiздiң рұқсатымен, Екеумiздiң «биссиміллә» нартәуекел-шешiмiзбен бұйырымыс осылай болды.

Үйлестiрiп-үбiстiрiп құралуды құтты қылып жазсын АЛЛА!!!

Құрметті ОҚЫРМАНДАР, Достар, Әріптестер, Туыстар жаудырған жақсы тілектерiңiзге рахмет!!!

Базарлы бақыт тілейміз сіздерге!!!», деп жазды әнші. 

Әншінің өнердегі әріптестері мен барша оқырмандары ақ тілектерін жаудырды. 

Естеріңізге сала кетейік, Тамара Асардың тұрмысқа шыққанын Айгүл Елшібаева инстаграм желісінде жариялаған болатын. 

 
Караван жаңалықтары — https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/

[:]