АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанадағы «Бәйтерек» те құлайын деп тұр ма? (фото, видео)[:]

[:ru]

[:kz]

c0c6686b-6c6b-49d4-993a-5ed9a8f2c639Астанадағы «Бәйтерек» монументінің басындағы шар шытынап кетіпті, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл монументке басшылық ететін «Астана-Байтерек» деген ЖШС бар екен, сол «фирманың» басшылары бұл ақаулықтар келушілердің өміріне қауіп төндірмейді деп ақталыпты.

«Бәйтерек монументіндегі шар көпқабатты әйнектен жасалған. Оны Италияның Sunglass компаниясы шығарады. Астананың суығы мен желіне шыдамай, әйнектің ішкі қабаттары шытынап кетті. Бірақ бұл ақаулықтар келушілердің өміріне қауіп төндірмейді», — депті әлгі ЖШС директоры Мұрат Сапарғалиев.

Сапарғалиевтің айтуынша, енді монументті күрделі жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттар жасалады. Шытынаған әйнектер ауыстырылады.

«Күрделі жөндеу бюджет есебінен жүргізіледі», — дейді ЖШС директоры.

b1bee839-fce9-449a-8e27-426b12cd4b0c

[:en]

[:]