АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыстағы жарылыста шулы видео түсірген сарбаздың бүгінгі жағдай қандай[:]

[:kz]

Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстар кезінде туыстарына арнап видео түсірген сарбаздың бүгінде қайда екенін айтып берді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 
 

Видеодан кадр: instagram.com/aryis_kz

Видеодан кадр: instagram.com/aryis_kz

Ведомство лейтенант Исатай Әлібаев Шымкент қаласындағы 35748 әскери бөлімінде тәрбие және идеология жұмысы бойынша рота командирінің орынбасары қызметін атқаратынын хабарлады.

Арыстағы жарылыстардан соң 2019 жылы шілденің 12-22 аралығында ол психологиялық-моральдық жағдайын жақсарту мақсатында республикалық «Жас Ұлан» мектебіне әскери қызметкерлердің балалар тобына қараушы болып, «Жас Сарбаз» жазғы лагеріне барған.

Еске сала кетсек, KAZ.NUR.KZ эмоцияға берілген әскери қызметкердің Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасына жолдаған видео сәлемдемесі желіде кеңінен тарағанын жазған еді.

 

[:]