Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Пернехан Бекмырзаев: Бұл батырлық емес, міндетім

Арыстағы жарылыс кезінде жұмыс орнын тастап кетпеген күзетші оқиғаның қалай болғанын ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді, деп жазды  KYN.KZ.

Көп жылдардын бері банкте күзетші болып жұмыс істейтін Пернехан Бекмырзаев жан-жақта жарылыс болып жатқанда, жұмыс орнын тастап кетпеген.

«Біз тәртіп бойынша басшылықтың рұқсатынсыз ешқайда кетпеуіміз керек. Өйткені өзіңіз білесіз, банктің жұмысы өте жауапты. Сондықтан да мен жарылыс болып жатқан кезде, қауіпті білсем де өз жұмыс орнымда болып, басшылықтан нұсқаулық күттім»,- дейді  Пернехан Бекмырзаев.

Арыстық тұрғын өзінің бұл ісін батырлық деп есептемейді.

«Өйткені менің орнымда болған әрбір адам осылай істейді, жалпы кәсіпке деген адалдық болу қажет»,- дейді ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты  — Арыс тұрғыны мен екі әскери қызметші. 170-ке жуық адам зардап шекті.  20-ға жуық үй, 9 қора-қопсы жанып, далалы аумақта 14 ошақ тұтанды. Үй-жайлар мен ғимараттардың 80-90 пайызына әртүрлі деңгейде зақым келді. Бірқатар өңірде шұғыл желілер құрылды.

 KYN.KZ.

Рубрика: