Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы zakon.kz-  ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы «112» Telegram-арнасы жазды.

Ол 72 жаста еді.

Ол ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған болатын. 

Бұған дейін Градский инсульт алып Мәскеу ауруханаларының біріне жатқызылған болатын. Ол үйінде өзін нашар сезінген. 

Александр Градский – кеңестік және ресейлік әнші, мульти-аспапшы, ән жазушы, ақын және композитор. Ол «Дауыс» музыкалық шоуына тәлімгер ретінде қатысты. Градский орыс рок негізін қалаушылардың бірі. Әнші «Градский Холл» театрын басқарды.

Рубрика: