Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

АН-26 ұшағы өткен жылы Украинада құлаған еді. Сол кезде Украина президенті әуе апатының себебі анықталғанға дейін АН-26 ұшақтарын көкке көтеруге тыйым салған. Әзірге бізде мұндай тапсырма берілер-берілмесі белгісіз.

 

 

Фото: tengrinews.kz
 
 
АН-26 ұшағы өткен жылы Украинада құлаған еді. Сол кезде Украина президенті әуе апатының себебі анықталғанға дейін АН-26 ұшақтарын көкке көтеруге тыйым салған. Әзірге бізде мұндай тапсырма берілер-берілмесі белгісіз.

Алматы әуежайы, 13 наурыз 2021 жыл

Nege.kz тілшісі апатты оқиғалардың тізімін түзіп көрді.

25 қыркүйек 2020 жыл.

Ан-26 ұшағы Украинаның Харьков облысында апатқа ұшырады. Бортында 7 экипаж мүшесі және 20 курсант болған. 25 адам опат болып, 2 курсант аман қалған. Бірақ оның бірі ауыр күйіктен ауруханада қайтыс болды.

Харьков

22 тамыз 2020 жыл.

Оңтүстік Суданда South West Aviation әуекомпаниясына тиесілі Ан-26 ұшағы құлады. Әуе кемесі Джубыдан Вау Авейль елдімекеніне ұшып шыққан. Борттағы 8 адамның тек біреуі ғана аман қалды.

Судан

24 желтоқсан 2018 жыл.

Конго Демократиялық Республикасының Бени провинциясында әуежайға қонатын кезде құлап қалды. Бортындағы 60 әскери қызметкердің 40-ы жедел ауруханаға жеткізілді.

Бени

20 желтоқсан 2018 жыл.

Тағы сол Конгода GomAir әуекомпаниясының Ан-26 ұшағы халықаралық Нджили әуежайына 40 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақты сайлауға қажетті жабдықтарды жеткізу үшін Ұлттық тәуелсіз сайлау комиссиясы жалдаған. Бортындағы 23 адамнан бөлек 3 экипаж мүшесі (Ресей азаматтары) қаза болды.  

Конго

6 наурыз 2018 жыл.

Сирияның Хмеймим әуежайында Ресей Қорғаныс министрлігінің Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ қону жолағына небәрі 500 метр жетпей құлаған. 33 әскери қызметкер мен 6 экипаж мүшесі көз жұмды. Қаза болғандар арасында 1 генерал-майор бар.

 

Сирия

14 қазан 2017 жыл.

Уагадугудан (Буркина-Фасо) Абиджанға (Кот-д’Ивуар) Молдованың жүк тасымалдайтын Ан-26-100 ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта 10 адам болған, төртеуі қаза тапты.

Буркина-Фасо

30 мамыр 2017 жыл.

Ан-26 әскери ұшағы Краснодар жоғары авиациялық мектебінің оқу-жаттығу базасының әуежайында құлаған.  Бір сарбаз қаза тауып, бес адам медициналық мекемеге жеткізілген. Оқиға жаттығу рейсі кезінде болған.

Саратов

29 сәуір 2017 жыл.

Куба Қарулы күштерінің Ан-26 ұшағы құлады. Плайя Баракоа әуежайынан көтерілген ұшақ Баутаға жетпей радардан жоғалып кеткен.

Оқиға салдарынан экипаж мүшелерінен бөлек, борттағы 8 адам түгел қаза тапты.

Куба

30 сәуір 2016 жыл.

Ан-26 Суданда апатқа ұшырады. Ұшақ қона алмады. Экипаж мүшелері және 6 адам көз жұмды.

9 наурыз 2016 жыл.

True Aviation әуекомпаниясының Ан-26 тасымалдаушы ұшағы Бангладеш жағалауында теңізге құлады. Әуе кемесі Кокс-Базар және Джессор қалаларының аралығында ас шаяндарын тасымалдауға пайдаланылған. 4 экипаж мүшесінің тек біреуі ғана аман қалды.

Бангладеш

18 қаңтар 2015 жыл.

Сирия әскери-әуе күштерінің Ан-26 ұшағы Абу-Духур әуежайына қонған кезде апатқа ұшырады (Идлиб провинциясы, Сирия). Ұшақтағы 30 адам түгел қаза тапты.

28 желтоқсан 2014 жыл

Конго Демократиялық Республикасының аумағында украиналық SIRIN әуекомпаниясының Ан-26 жүк ұшағы құлап қалды. Ұшақ Энтеббе (Уганда) – Пуанте-Нуар (Конго Республикасы) бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Апат салдарынан экипаждың 6 мүшесі қаза тапты, оның бесеуі – Украина азаматтары.

Конго

21 ақпан 2014

Ливияның Ан-26 әскери ұшағы Тунис әуежайына жетпей Набеул провинциясының Громбалия аймағында апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 11 адамның барлығы қаза тапты…

Тунис

Ан-26 – советтік жүк тасымалдаушы әскери ұшақ. Бас конструктор – Олег Антонов. 1952 жылы зауыт Новосібірдегі Чкалов атындағы авиациялық зауытынан бөлініп, Киевке көшірілген. Ан-26 ұшағын құрастыру 1964 жылы басталып, алғашқы ұшақ 1969 жылы мамырда әуеге көтерілді. Бас-аяғы 1400 ұшақ құрастырылды.

Тілшінің тізімі: Соңғы жеті жылда ғана әлемнің әр тұсында он үш Ан-26 құлаған…

Nege.kz

Рубрика: