АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алып аюға тойтарыс берген ару желіде жұлдыз болды (видео) [:]

[:kz]

 

АҚШ-тың Калифорния штатында 17 жастағы қыз алып аюға тойтарыс берді. Қызықты жайттың видеосы желіде тарап, оны бірнеше миллион адам көріп үлгерген деп жазады Life.ru. 31 мамыр күні TikTok-та жас қыздың алып аюмен арпалысқан сәтінің видеосы пайда болды. Бейнежазбаны басты кейіпкердің әпкесі жариялаған. Желіде тараған видеодан жанында екі қонжығы бар аюдың қоршауға мініп алғанын көруге болады. Сол сәтте аулада жүрген иттер күтпеген «қонаққа» үре бастайды. Алайда иттерәне 17 жастағы Хэйли көмекке келіп, жыртқышты қоршаудан итеріп жібереді. Содан кейін бойжеткен аулада қалған итін қолына алып, үйге қарай қаша жөнеледі. Осыдан соң аю қонжықтарымен бірге кетіп қалған. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Якутияның Булунск ауданында ақ аю 50 жастағы ер адамға шабуылдағанын жазған едік. Абырой болғанда, ол ауруханаға жеткізіліп, аман қалған. 

[:]