АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық полицей сатушыны пышақ кезенген ер адамнан құтқарып қалды (видео)[:]

[:kz]

Алматы полициясы дүкенге қарумен шаубыл жасаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілетеме жасап. 

14 маусым күні кешкі уақытта 28 жастағы ер адам Зорге көшесіндегі кішігірім азық-түлік дүкеніне шабуылдап, пакеттен пышақ алып шығып, сатушыны қорқытқан. Артынша ол ақша талап етіпті.

«Дүкенге келушілердің бірі оқиғаға куә болып, көшеге қашып шыққан. Ол адамдардан көмек сұрай бастайды. Сол кезде біздің қылмыстық полиция бөлімінің қызметкері, полицияның аға лейтенанты Елмұрат Омар көмекке келген. Ол дүкеннің жанынан өтіп бара жатқан екен. Полицей бірден дүкенге кіріп, ер адамның үстінен түсті. Бірнеше секундтан кейін ер адамды қарусыздандырып, еденге құлатты», — дейді Түркісіб аудандық полиция басқармасының басшысы Думан Аухадиев.

 

Өз сөзінде полиция басқармасының басшысы күдіктінің тұқтқындалуындағы куәгер қыздың айрықша рөлін атап өтті.

«Ол батыл екен. Біріншіден, қорқып, қашып кеткен жоқ. Сол жердегі адамдарды көмекке шақырды. Артынша полицеймен бірге дүкенге кіруге қорықпады. Азаматтық позициясы белсенді адам», — дейді Аухадиев. 

Полиция мәліметінше, күдікті бұған дейін қарақшылық шабуыл жасағаны үшін сотталған. Қазіргі уақытта қамауға алынып, қылмыстық жауаптылыққа тартылды. 

«Бастысы, күдікті ешкімді жарақаттап үлгермеді. Ол қылмыстық әрекетіне біреу кедергі келтіреді деп күтпеді. Бөлме тар, сондықтан сол жерде болған әйелдерге төбелес шығару қауіпсіз емес еді. Мен оның пышақ ұстаған қолына жармасып, пышақты ақырын тартып алдым. Артынша оны еденге құлаттым. Әріптестерім дер кезінде көмекке келді. Мен бар болғаны қызметтік парызымды орындадым. Шынымды айтсам, оқиғаның осылай жақсы аяқталғанына қуаныштымын», — дейді аға лейтенант Елмұрат Омар. 

Stan.k

[:]