Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада блок-посттар қайта қойыла ма деген көпшіліктің сұрағына онлайн брифинг барысында жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

“Жоқ. Қала сыртында блок-посттар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп шыға алады”, – деді Жандарбек Бекшин. Бас санитар қаладағы ахуалды жіті бақылап отырғанын жеткізді. “Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады”, – деді ол.

Бекшиннің сөзінше, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5 пайыз болып тұр. Қала билігі осы көрсеткішті 1 пайызға дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр.

“Алайда барлық қауіп – симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр.

Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін”, – деді Бекшин. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

 

https://kaz.nur.kz/1861083-almatyga-blok-posttardy-kajta-kojylatyny-ras-pa.html

Рубрика: