АЛТЫНОРДА
Қоғам

[:kz]Алматыдағы зират басынан қорқынышты зат табылды[:]

[:kz]

Алматылықтар зират басынан табылған затқа әлеуметтік желілерде өз алаңдаушылықтарын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Zhaloby.almaty» парақшасының мәліметінше, қабірдің басынан инелермен тесілген біртүрлі суреттер табылған.

 

«Демалыс күндері ағаммен бірге Александр Кравцов көшесіндегі әкеміздің қабірін тазартуға бардық, әкеміздің бейітінің жанынан инелермен тесілген фотосуретті тауып алдық. Жанында пышақ жатты. Мұны қалай түсінуге болады? Адамдарға жамандық ойлаудың қаншалықты қажеті бар?» ,- деп жазады жазба авторлары.

Фотосуреттердің қаланың қай маңындағы зираттан табылғаны әлі белгісіз.

[:]