АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

Алматыдағы Халықаралық лицейде оқушыларға жасалған буллингтің видеосы қазақстандықтарды шошытты

[:kz]

 

Алматыдағы лицейлердің бірінде болған буллингтің видеосы желіде тарады. Құқық қорғаушы Дина Смаилова Facebook-те оқиға туралы жазып, видеосын жариялаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, бұл өте өрескел жағдай, бұл мектепте тәртіп, құрдас балалардың құқықтары мен шекаралары сақталмайтынын, мұғалімдерге құрмет жоқ екенін айқын көрсетеді», – деп жазды «Не молчи» қорының басшысы.

Сонымен қатар, балалар сабақ кезінде порнографияны ашық түрде көретіні де атап өтілді. Мұғалім мұны көрмегендей түр танытады екен. 

Бұл видеоны жіберген әйел бірнеше баланың сыныптастарының, оның ішінде ұлының қорлауға ұшырағанын хабарлаған.

Исмаилованың айтуынша, зардап шеккен оқушы басқа мектепке көшкен, бірақ ол әлі де психологпен жұмыс істеуде.

Бейне 2022 жылдың қаңтарында 10-сынып оқушылары қатысуымен түсірілгені белгілі болды.

Оқиға фактісі бойынша Алмалы ауданының прокуратурасы Алматы қаласының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне ұсыныс енгізді. Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша департамент әкімшілік іс жүргізеді..

Биыл 26 қаңтарда лицей басшысы ӘҚБтК-нің 409-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал оқушылардың іс-әрекеттеріне баға беру үшін полиция органдарына тексеру жүргізу тапсырылды.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз !

 

 

 

 

 

[:]