Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы көшелерінде атпен тамақ жеткізетін курьер байқалды. Қала полициясы шабандозға қызығушылық танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек жігіттің ұсталмағанын, бірақ ескерту жасалғанын хабарлады.

 

Видео Instagram-да жарияланды.

“Мамандандырылған батальонның экипажы шығып, шабандозмен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді, бұл ірі мегаполис жағдайында көліктің рұқсат етілмеген түрі екенін, бұл үшін жауапкершілік көзделгенін айтты. Жігіт болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеуге уәде берді”, – деді Салтанат Әзірбек.

Рубрика: