АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда бір аптадан бері із-түссіз жоғалған зейнеткерді іздеуде[:]

[:kz]

Алматыда 19 ақпанда жоғалып кеткен 73 жастағы зейнеткер Евгений Савчин іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Менің әкем жоғалып кетті. 19.02.2021 үйден кетіп, оралмады. Қандай да бір ақпарат білетіндердің барлығына мына телефон арқылы хабарлауды өтінеміз: +7 701 769 77 43, + 7 707 415 16 11. Ақпаратты барынша таратуды сұраймын. Қолымыздан келгеннің бәрін істеп жатырмыз, бірақ әзірге нәтиже жоқ. Біз күндіз-түні іздеуді жалғастырамыз», — деп жазды ұлы Максим Савчин.

Зейнеткер телефонын қуаттағышта қалдырып кеткен. Ол қоңыр пальто, көк джинсы және аң терісінен жасалған бас киім киген. Есте сақтау қабілетінде проблемалар бар.

Оны соңғы рет Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында көрген.

Максим Савчиннің айтуынша, еріктілермен бірге дәріханалардан, дүкендерден және техникалық қызмет көрсету станцияларынан бақылау камераларын қарап, жоғалып кеткен адам өтуі мүмкін барлық бағытты аралап шықты. Ол біреу әкесін пана болды, көшеде қалмады деп үміттенеді.

[:]