АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда ауыр жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды[:]

[:kz]

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Апат салдарынан бүтін бір отбасы көз жұмған. 

Оқиға 26 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 95 шақырымында орын алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірованың сөзінше, отанасы оқиға орнында көз жұмыпты. Ал күйеуі мен қызы 27 мамырда ауруханада жан тапсырған. 

Белгілі болғандай, Үштөбеден қалаға бағыт алған екі көлік Қапшағай тасжолымен келе жатады. Lexus RX 300 көлігін әйел адам тізгіндеген екен.

Екінші көлікте болған туыстарының сөзінше, сол жақта келе жатқан көлік кенеттен бұрылып, Lexus RX 300 көлігіне соғылады. Салдарынан Lexus 100 метрдей жерге аударылып кетіпті. 

 Stan.kz 

[:]