Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Анаид Демирчян күйеуінің көгерген түрін бүкіл Қазақстан көргенін айтып, кінәлілерді жауапқа тартуға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Экспресс К” сайтына сілтеме жасап.

Күдіктінің әйелінің ойынша, күйеуі бұл соққыларды қолға түсірген уақытта алуы мүмкін.

“Оқиға болған күні, 20 қыркүйекте ол сап сау болатын және ешқандай көгерген белгілер болмаған еді. Алайда менің сотта көргенім… Жарайды, олар бұған көзді жұмып қарағанымен күйеуімнің түрін бүкіл Қазақстан көрді. Бет аузы оңбай көгерген. Соққыға жығылғанын түсіну үшін арнайы маман болудың да қажеті жоқ”, – дейді Демирчян.

Сондай-ақ, ол күйеуінің ешқандай қарсылық көрсетпегенін алға тартады.

“Мен барлық жерге шағымданамын. Қазірдің өзінде шағымданып жатырмын. Бұл мәселені жәй қоя салмаймын. Бұл нағыз заң бұзушылықтың көрінісі. Ол ешқандай қарсылық танытқан жоқ. Күйеуім өз еркімен беріліп, өздігімен көлікке отырды”, – деп қосты әйелі.

Анаид Демирчян күйеуіне қазір қалай қарап жатқандығын білмейді, бірақ заңгер онымен заң аясында тілдесіп жатқандығын айтады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйек күні Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамның өлтірілгені туралы белгілі болған. Ресми деректерге сүйенсек, сот шешімін орындаушылар екі адамның меншік құқығына қатысты дауға байланысты күдіктінің үйіне келген. Сот шешімін естіген азамат үйінен  қару алып шығып, сот орындаушысына, учаскелік полиция инспекторларына және аулада болған басқа адамдарға қарудан оқ жаудырды. Нәтижесінде бес адам көз жұмған. Оның ішінде үйдің жаңа иесі мен тағы бір тұрғын бар.

Үйде әйелдер мен балалар болғандықтан күдіктіні арнайы жасақ қару қолданбай қолға түсірді. 

“Кісі өлтіру” және “Билік өкіліне шабуыл жасау” баптары бойынша екі қылмыстық іс қозғалды. 1967 жылы туған ер азамат 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Рубрика: