АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда 20 індет ошағы анықталды[:]

[:kz]

Тұрғындарға бөтен үйлерге кіруге тыйым салынды

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша,  Алматыда коронавирустқа байланысты көпқабатты үйлердің  20 кіреберісі  карантинге алынған. Қоршауға алынған  кіреберістетерде  күшейтілген дезинфекциялық режим енгізіліп,  тұрғындарының қозғалысына шектеу қойылды. Сырттан бөтен адамның кіруіне де тыйым салынған. Талап карантин  мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. Карантинге алынып,  оқшауланған үйлердің мекен-жайлары:

Әуезов ауданында -2 жұқтыру ошағы — Жетісу-2 ықшамауданы, 70а;  Мамыр – 4 ықшамауданы, 313 мекен-жайында орналасқан.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы — Заря-Восток ықшамауданы,  Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ықшамауданы, 7; Ақбұлақ ықшамауданы, 9- де орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ. Яғни  Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7-де орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі, 59; Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62-де.

Жетісу ауданында — 2 ошақ бар. Еңлікгүл, 34а, Волочаевская көшесі, 51.

Түрксіб ауданында 5 ошақ тіркелген. Алтай-1, 8; «Жас қанат» ықшамауданы, 86; Майлин көшесі, 77; Спасская к-сі, 63;  Жұлдыз-2 ықшамауданы, 45.

Бостандық ауданында — 1 ошақ Тұрғыт-Озал көшесі, 242 мекен-жайында.

Сонымен қатар, Зенков көшесі, 59 мекенжайындағы үйде ағымдағы жылдың 27 наурызы сағат 00:00-ден бастап шектеу шаралары алынады. 

Қала билігі алматылықтарды карантин режимін қатаң сақтауға, карантиндік аумақтың ішінде жүруден аулақ болуға, жеке гигиена шараларын сақтауға, туыс, дос, әріптестері мен және т.б. адамдармен қарым-қатынасты шектеуді сұрайды. Мақсат – әр адамды коронавирустық инфекция жұқтырудан сақтау, туғандары мен жақындары және айналасындағыларға да жұқтыру қаупін төмендету.

 

[:]