АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Алматыда ер адамның мәйітінің орнына әйелдікін беріп жіберген[:]

[:kz]

Алматы облысында пандемия кезінде жерлеу рәсімін ұйымдастыратындар мерт болған адамдардың мәйітін шатастырып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ЭК басылымына сілтеме жасап. 

Бұл оқиға өткен жылы жазда, коронавирус пандемиясының өршіп ұрған кезінде болған. Отбасының басшысы коронавирустан көз жұмады. Жерлеу тобы денені көму үшін оны жуындырып, арнайы қабір киімін кигізіп,  денені зиратқа апаруы керек болған. Бұл үшін біраз қаражат төленген. Оқиға туралы отбасының жақын досы айтып берді. 

 

Алайда, туыстары қаппен марқұмның өзін әкелгеніне күмәнданып қалады. Себебі, мәйіт салынған қап тым кішкентай болған. Ер адам екенін анықтау үшін қапты оның досы ашып тексереді.

Күдік расталып, кебінге оралған адамның белгісіз әйел екені анықталады.

“Әйелдің үстіне басы қанға боялған. Жерлейтіндер мәйітті шатастырмағанмен қоймай, оны тіпті жумаған. Туыстары денелердің ауысып кеткенін тез анықтады. Шатастырып бізге әкелген әйелдің жақындары оларға берілген мәйітті жерлеп тастаған. Қабірді қайта қазып, жаназа намазын қайта оқуға тура келді. Имам жағдайды түсініп, дұғасын қайта оқыды”, – дейді оқиға куәгері. 

Жерлеушілер бұл жағдайды жауапты адамның ішіп алғанымен түсіндірді. Қазір туыстары бұл оқиғаны ұмытуға тырысуда. Ешкімді сотқа бермеген. Алайда куәгер бәрін сақ болуға шақырады.

Осыған ұқсас оқиға жақында Нұр-Сұлтан мәйітханасында болған. Марқұмның мәйітін қателесіп Таразға аттандырып жіберген. Алайда, бұл жағдайда туыстары соңына дейін барып, сотқа жүгінетіндерін мәлімдеді.

[:]