АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Әли Ахмедов белгілі америкалық боксшыны ұтты [:]

[:kz]

 

Қазақстандық боксшы Әли Ахмедов Лас-Вегаста Геннадий Головкин — Сауль «Канело» Альварес арасындағы бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ахмедов америкалық боксшы Габриэль Росадомен (26-15-1, 15 КО) жұдырықтасты. Супер орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланды және кездесуде IBF (Солтүстік Америка), WBC Silver титулдары сарапқа салынды. Нәтижесінде айқас соңына дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен отандасымыз қарсыласынан басым түсті. О

сылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой бокстағы 19-жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, Габриель Росадо 2013 жылы Геннадий Головкинмен жұдырықтастасқан болатын. Ол кездесуде америкалық боксшы нокаутқа түскен еді. 

 

[:]