АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтөбеде мұғалімге қол көтерді деп айыпталған мектеп директорына сөгіс берілді[:]

[:kz]

Ақтөбеде қоластындағы жас мұғалімді ұрды деп айыпталған мектеп директорына сөгіс берілді. 

Екі күн бойы мектепте қызметтік тексеріс жүргізілді деген қалалық білім бөлімі осындай шешім қабылдағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

Алайда басшының жас ұстазға қол көтеріп, әлімжеттік жасағаны расталмады деп отыр. 

«Бәтесқызы Гүлнәр Жанинаның мектеп мұғаліміне қол көтергені расталған жоқ. Дегенмен қалалық білім бөлімі тарапынан осындай жанжал жағдайында мектеп директорының педагогикалық этиканың сақтамауы себепті сөгіс беру түріндегі тәртіптік жаза қолданды», — деді қалалық білім беру басқамасы. 

Бұған дейін жас мұғалім 3 жылдан бері директордан қорлық көріп келе жатқанын жайып салған еді. 

[:]