Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Ақтауда дәрігердің әрекетінен зардап шеккен баланың анасы жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақтаудағы брифингте қалалық полиция басшысының орынбасары Қалдымұрат Айғарақов айтты.

“Зардап шеккен баланың анасына қатысты олар тергеу жұмыстарын да жүргізеді”, – деді Айғарақов.

Видеодан ананың өз баласын қалай ұрып тастағаны, содан кейін оны дәрігер қарауына қалдырғаны анық көрінеді.

Ақтау қалалық унитарлық кәсіпорны басшысының орынбасары егер баланың анасының іс-әрекеттерінде заң бұзушылықтар табылса, ол қалалық әкімдіктің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жіберілетінін, алдағы уақытта олар тәрбиелік шараларды қолға алатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығында бақылау камераларынан дәрігерді баланы жұлқылап жатқан видеосы таралған еді. Маңғыстаулық тіс дәрігері балаға дөрекілік көрсеткен себебін түсіндірді.

Рубрика: