АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АҚШ пен Түркияның дрондары Ресейдің әскери күштері орналасқан территорияның үстінен ұшып өтті[:]

[:kz]

 
Ердоған Ресей мен Украина арасындағы кикілжің Минск келісімі арқылы шешілуі керек деді.  Бірақ Ердоған Украинаны қолдап отырғанын ашық айтты. Осының алдындағы Украинаның Германия тарапынан күткені Түркия тарапынан орындалған сияқты болды.  Түркия тарапы соғыс кезінде Украинамен сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыратынын атап өтті.
 
 
Бүгін Донбасста Украинаның Түркиядан сатып алған Bayraktar TB2 дрондары шекара маңын бақылап, көкте әуелетті. Ресейдің әскери құрылымдары бұл көріністі көріп, біраз абыржып қалды. Себебі, Bayraktar TB2 Ресейдің ПВО Панцирь-С, С-125, ЗРК-Тор, танктері мен соғыс техникалары шоғырланып тұрған территорияның үстінен ұшып өткен. Бұл жайында Украинаның қорғаныс және барлау, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Юрий Мысягин мәлім етті.
Юрий Мысягин өзінің сөзінде: «Украина қарулы күштерінің сарбаздары, жолдастар! Біз ешкімнен қорықпаймыз! Біз оларды Мәскеуіне қарата шегіндіреміз! Бізге Bayraktar TB2 солай жасауға мүмкіндік береді» деп жігерлене сөйледі.
 
Өкінішке қарай, бүгін Донбасста жарылғыш зат жарылып, оның жарықшағынан 4 жасар бүлдіршін бала қаза тапты. Бұл хабар БҰҰ-ның бас штабы мен оның қауіпсіздік кеңесіне де жетті. Қазір Донбасстың әуе кеңістігін Түркияның Bayraktar TB2-сі мен АҚШ-тың RQ-4 Global Hawk атты дрондары бақылауға алып, шекара тұстарында барлау жұмыстарына кірісті.
 
Ресей тарапынан қаруланған сепаратисттер Украинаның оңтүстік-шығыс шекарасы маңында іске кірісіп, арандатушы әрекеттерді жүргізіп жатыр. Осылай түбі соғысқа ұласатын сияқты. Владимир Зеленскийдің мойнында ауыр жүк пен отан алдындағы ұлы жауапкершілік тұр. 
 
Бекболат ҚАРЖАН,
«Адырна» ұлттық порталы 

[:]