АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақмола облысында үй өртеніп, кәмелетке толмаған үш бала көз жұмды[:]

[:kz]

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Хрящевка ауылында үлкен өрт болды. 100 шаршы метр аумағы бар тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше өрт 29 шілдеде сағат 5.19-да орын алған. 

 

Үйде жеті адам тұрған. 1979, 1981 жылы туған ата-анасы мен 13, 14, 15, 16 жастағы ұлдар мен 8 жастағы қыз бала.

«Өрт болған аймақ пен Атбасардағы №4 мамандандырылған өрт сөндіру станциясына дейінгі қашықтық 25 км құрайды. Құтқарушылар келгенге дейін 2004 және 2012 жылы туылған балалар мен ата-аналары терезені сындырып, үйден шықты», — дейді ТЖ баспасөз қызметі. 

Зардап шеккендер үйден шыққаннан кейін, үйдің төбесі құлап, ішінде қалған үш бала көз жұмды. Өрт сағат 08.25-те сөндірілді, қоқыстар бөлшектенуде.

«Өрт болған жерден үш баланың мүрделері табылды. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 2 дана жедел құтқару техникасы, ерікті өрт сөндіру бригадалары, 3 техника және үш адам жұмылдырылды. Оқиға орнында аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде», — дейді баспасөз қызметі. 

Үй тез тұтанатын материалдан жасалғандықтан қалған үш баланы құтқару мүмкін болмаған.

«Отағасының айтуы бойынша, таңертеңгі сағат бестер шамасында ұлы оны оятып, веранда өртеніп жатқанын айтады. Ер адам үйдің терезесін сындырып, әйелі мен екі баласын шығарып тастай алған. Үй тез тұтанды, өйткені ол тез тұтанатын материалдардан салынған. Үш баланы құтқару мүмкін болмады. Өрттің себебі анықталуда, Көкшетау қаласынан өрт сынау зертханасына жіберілді», — деді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

Қайғылы оқиға болған жерде полиция департаментінің жедел тергеу-жедел тобы жұмыс жасауда.

 

[:]