Sorry, this entry is only available in Kazakh. For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Көмек сұрап келген көпбалалы ананы Алматының Қарасай аудандық әкімдігі «Мешіттен жәрдем тіле» деп шығарып салыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік көмекке күні қарап отырған алты баланың анасы ай сайынғы төлем кешіккен соң жалдамалы пәтердің ақысын төлей алмаған. Ал үй иесі ақшаны адамдықтан артық көрсе керек, шұбырған бала-шағасына қарамастан қыстың көзі қырауда оларды далаға қуып шыққан көрінеді.

Мейлі, ол пендешілік болар, ал қолдау сұрап келгендерді құлшылық үйіне қарата қайырған қай басшы?

Рубрика: