АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Әке, ана, сіздерді жақсы көремін»: Әскери қызметкердің жарылыс кезіндегі видеосы жұрттың жүрегін ауыртты (видео)[:]

[:kz]

Желіде қазақстандық әскери қызметкердің видеосы тарады. Видеожазбада ол ата-анасына жақсы көретінін айтуда. Ал кадр сыртында жарылыстың дыбысы естіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Желіде тараған видеодан жарылыстың дыбысы естіледі. Әскери қызметкер эмоциясын жасыра алмай, тынысы жиілейді. 

«Егер тірі қалмасам… Әке, ана, сіздерді жақсы көремін», — дейді әскери киім киген жігіт видеода. 

Видеода ол жарылыс орындарынан шығып жатқан түтінді көрсетті. 

Оның жанынан өзге де әскери қызметкерлер байқалады. 

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

 

Желі қолданушылары видеоны көріп, жүрегі ауырғанын айтуда. Олар әскери қызметкерлердің қиындық пен қатерге қарамастан, отан алдындағы борышын өтеп жүргендерін атап өтті.

 

[:]