АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Айтқандарымның барлығы жалған»: Қазақстанда ұсталған қырғызстандық музыкант өзін не үшін айыпты етіп көрсеткенін түсіндірді[:]

[:kz]

Қазақстанда наразылық акциясы кезінде қолға түскен қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов өзін тезірек үйіне қайтаруы үшін, жалған айыптауларды мойнына алғанын жеткізді. Бұл жөнінде ол журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Викрам Алматыға досының шақыртуымен келген. 4 қаңтар күні кешкісін митинг басталғанда досы оған сыртқа шықпай, үйде отыруды ескерткен. Бірақ жағдай шектен шыққан уақытта ол үйіне – Қырғызстанға оралуды ұйғарады.

Рузахуновты 7 қаңтар күні әскери бекетте такси көлігінде отырғанда ұстайды.
Викрамның сөзінше, уақытша ұстау камерасында оған қарсы күш қолданылмаған. Бірге қамауда отырған азаматтардан ол өзін айыпты етіп көрсетсе, отанына қайтарады дегенді естіген. Осылайша музыкант «белгісіз адамдар» өзіне митингке қатысу үшін 200 доллар төлеп, ұшақ бағасын өтеп беріп, Алматыдағы пәтерлердің біріне орналастырды, деп жалған айыпты мойнына алған. Осы сөздерінен кейін ғана Рузахунов Қазақстаннан шекарасынан шығарылады.

«Мұндай жағдайға кез келген адам түсуі мүмкін, мен тек осындай келеңсіздіктің құрбаны болдым. Керексіз уақытта керексіз жерден табылдым. Бірге отырған жігіттерден видеоға үндеу жасасаң, сені бірден Бішкекке қайтарады деген естідім де осылай жасауға бел будым. Бейнероликтегі барлық сөздерім жалған. Бетімдегі соққыдан көгерген іздер 7 қаңтарға дейін пайда болды, себебі ол кезде қолға түсірер уақытта күш қолданған болатын. Менімен бірге түрмеде тағы төрт қырғызстандық азамат болды. Кейбір деректер бойынша, оларды ертең босатулары мүмкін», — дейді музыкант.

Бостандыққа шыққан соң музыкант Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігіне көмегі үшін алғысын білдірді:

«Мен қазіргі уақытқа дейін өзімнің қырғыз халқының ұлы екенімді бұлай  мақтан тұтқан емеспін», — деді Викрам.

Еске салайық, 8 қаңтарда қазақстандық БАҚ жаппай тәртіпсіздіктен кейін ұсталғандардың бірі қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасағанын және тонағанын мойындаған жазбаны таратқан.  Ол өзін Қырғызстанның жұмыссыз азаматымын деп атап, 200 долларға наразылық шеруіне қатысуға келіскенін мәлімдеген. 

Ер адамның денесінде зорлық-зомбылық іздері анық байқалған.  Көп ұзамай оның Бішкектегі джаз оркестрінің жетекшісі Рузахунов екені анықталды.

Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі музыканттың Алматыға гастрольдік сапармен келгенін мәлімдеп, оны дереу босатуды талап етті.  Бішкектегі Қазақстан елшілігінің жанында джазменді қолдау митингі өтті, Рузахуновтың әріптестері оның ұсталуын абсурд деп атады. 10 қаңтарда ер адам қамаудан босатылды.

[:]