АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»20 мың шетелдік террорист қатысқан»: Бас прокурор Тоқаевтың мәлімдемесін жоққа шығарды[:]

[:kz]

 

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 20 мың шетелдік террорист қатысты деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, қаңтар айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына 20 мың содыр басып кірді деп мәлімдеген болатын. 

«Бүгінде 19 шетелдік ұсталды. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары. Олардың бәрі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан. 20 мың шетелдік террорист болған жоқ, сіздер мұны қайдан алғандарыңызды білмеймін», — деп жауап берді Асылов мәжіліс кулуарында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, қазір Қаржы мониторингі агенттігі мемлекеттік төңкерісті ислам радикализмінің өкілдері қаржыландыруы мүмкін деген болжамды тексеріп жатыр.

Бұдан бөлек, Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандар саны бойынша айырмашылықты түсіндірді. Мәжіліс отырысында Бас прокуратура 230 адам, ал Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова 238 адам қаза болғанын мәлімдеген еді.

«Әзімова тергеу изоляторларына қамалғандарды да санаған. Олар бұрын қамауға алынғандар, науқастар көп болды, ол жалпы санын алып отыр. Әзімова айтқан сегіз адам қаңтар оқиғасына қатысқан жоқ», — деді бас прокурор.

[:]