АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]15 жасында екі баланың анасы атанған алматылық оқушы ұлының әкесін анықтады [:]

[:kz]

 

Алматылық Диана Құдайқұлова 14 жасында алғаш рет ана атанған. 15 жасында екінші рет құрсақ көтерген қыздың анасы өткен жылдың тамыз айында «Астарлы ақиқат» бағдарламасынан көмек сұраған еді. 9-сыныпта оқитын Диана 24 жастағы Алмат есімді жігітке алданып қалғанын, содан аяғы ауырлағанын жеткізді. Алайда Алмат сәбидің әкесі өзі екеніне күмән келтірді. Арада жарты жылдан аса уақыт өткеннен кейін, Диана Құдайқұлова ДНҚ сараптамасын жасатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Дина Төлепбергеннің YouTube арнасына сілтеме жасап. 

Диана Құдайқұлова 2022 жылдың 8 ақпанында екінші ұлын дүниеге әкелді. Сәбидің салмағы — 3,5 келі, бойы — 52 сантиметр. Есімін Нұржан деп қойды. Күдікті әке деп танылған Алмат Қалжанов өткен жылдың мамыр айында Дианамен кездесіп, жыныстық қатынасқа түскенін мойындады. Алайда «менен де басқа жігіттері болғандықтан, баланың әкесі өзге азамат болуы мүмкін» деп күмән келтірді. Оның үстіне, айтуынша, Диана онымен танысқан кезде кәмілеттік жасқа толдым деп алдаған. Жұмыс істейтін қыз болғандықтан, Алмат та оның сөзіне сенген. Оқушы деп ойламаған.

«Бала туылды дегеннен бастап уайым болды. Менің балам болса не істеймін дедім. Бір жағынан қуанамын, екінші жағынан жүрегім ауырады. Мен Дианамен толыққанды отбасы болғым келген. Бірақ ол Шынболатты таңдап кетті», — дейді күдікті әке Алмат Қалжанов.

Шынболат есімді азамат Диананың қазіргі сүйіктісі. Ол Диананың екі баласын өз перзенттеріндей көріп, бағуға дайын екенін жеткізді. Болашақта Дианамен отау құрғысы келетінін айтты. Оның пікірінше, әуел баста баласын мойындамаған Алмат ертеңгі күні оған қамқорлық танытуы екіталай. 

«Дианаға мені Құдай жіберді деп ойлаймын. Мен қарапайым отбасыдан шыққан баламын. Менен болмаса да, өзімнің балам», — дейді Шынболат Аяпбергенов. 

Сонымен наурыз айының басында Алмат пен Диана ДНҚ сараптамасын жасатты. Оның нәтижесі бойынша, сәби Алмат Қалжановтың баласы болып шықты. Өзі де әкесіз өскендіктен, Алмат ұлына әке тәрбиесін бергісі келетінін айтты. Алайда Диана Құдайқұлова елдің алдында сенбестік танытып, жанжал шығарғаннан кейін, баланы әкесіне көрсетпеймін де, бермеймін де деп отыр. 

[:]