АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]12 градус аяз: Ақмола облысында қыс басталмай жатып екі адам үсіп өлді[:]

[:kz]

 

Ақмола облысында көшеде екі адамның мәйіті табылды. Щучинск қаласында аялдаманың артында 55 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.

Полицияның мәліметінше, қала тұрғынының денесінде ешқандай зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Өлімнің алдын-ала себебі — ағзаның жалпы гипотермиясы.

Сол түні Степногорск қаласында тағы бір ер адам табылды, бірақ оның тұрғылықты жері жоқ. Денеде зорлық-зомбылық іздері табылған жоқ.

Алдын ала себеп бірдей — гипотермия.

Айта кетейік, соңғы күндері Ақмола облысында ауа температурасы 12 градусқа дейін төмендеді.

https://stan.kz/12-gradus-ayaz-akmola-oblisinda-kis-bastalmay-zhatip-ek-323273/

[:]