Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Жамбыл облысындағы өрт болған жерден соңғы күндері табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

«Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар:

— 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,

— 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,

— 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т.

Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері», — делінген хабарламада.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: