Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

Елордадағы Нұр-Астана мешіті Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады. Қызметкерлер мешіт тақтайшаларын ауыстырып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Басылым дерегінше, 15 жылдық тарихы бар «Нұр Астана» мешітінің атауын өзгерту туралы ұсынысты Ғұламалар кеңесі тастаған

. Бұл тақырып Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс төралқа мәжілісінде талқыланып, мүфтияттың бөлім басшылары, облыс имамдары мен орталық аппарат қызметкерлері мешіт атауының өзгеруін қолдап, дауыс берді. Нәтижесінде мешіт енді әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби есімімен аталады.

 

 Айта кетейік, 2005 жылдың 2 наурызында ашылған мешіт астанадағы Есіл ауданында орналасқан. Мешіт Катар мемлекетінің Әмірі шейх Хамад бин Халифа әл-Сәнидың қайтарымсыз сый ретінде бөлген қаржысына тұрғызылған болатын. Орталықтың ашылуына Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, Қағба мен Құран бейнеленген, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: