Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Сирек кездесетін жануар Нұр-Сұлтандағы ветеринарлық клиникалардың біріне тапсырылды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Құтқарылған құндыз туралы бейнежазба еріктілердің Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

«Оны қаптаған ит жан-жақтан жұлмалап жүр екен. Содан арашалап алдық. Емханаға апарылды. Жағдайы ауыр. Басы қатты жарақаттанған. Ішкі ағзаларына да зақым келген сияқты. Өйткені дәреті қан аралас. Бірақ тәбеті жақсы. Жатып жейді. Басын көтере алмайды. Емдеуге көп көмек қажет», — деп жазды әлеуметтік желіде «Ковчег» еріктілерінің бірі.

Жараланған жануарға тамақ шприц арқылы беріліп жатыр.

Елімізде қаракүзен негізінен тұщы су қоймаларын мекендейді. Ол Қызыл кітапқа енгізілген.

Рубрика: