Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Аталмыш тариф арқылы отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады.

Елімізде оқушылар мен мұғалімдерге арналған «Білім» тарифі іске қосылады. Тариф бойынша айына абоненттік төлем бағасы – 990 теңге. Ол тамыз айының ІІ жартысынан бастап жұмыс істейді, деп хабарлады Еуразия бірінші арнасы.

Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры Гүлнәр Бөкееваның айтуынша, тиімді тарифті еліміздің барлық ұялы байланыс операторы енгізеді.

«Мұғалім» немесе «оқушының» қосылу шарттарын білім және ғылым министрлігі анықтайды. Бұл мәселе әлі пысықталып жатыр. Мұғалімдер мен оқушылардың тізімі берілуі мүмкін», — дейді Гүлнәр Бөкеева.

Аталмыш тариф арқылы отандық білім беру ресурстарын тегін қолдануға болады. Қазіргі уақытта министрлік 380 ресурсты қолдап отыр. Сонымен қатар байланыс операторлары абоненттерге қосымша гигабайт ұсынады.

Рубрика: