Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Экс-депутат Нұртай Сабильянов Президент тапсырмасымен құрылған «Қазақстан халқы» қорына 5 млн теңге аударды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында хабарлады.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын «Қазақстан халқына көмек» қорына кәсіпкер ретінде 5 млн теңге аударамын», деп жазды Нұртай Сабильянов.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қоғамдық қорын құруды тапсырды. Президенттің айтуынша, халықтық қор үкімет қарамағында жұмыс істемейді және ашық жұмыс істеуге сүйенеді. Қор мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, балалар спорты және басқа да қоғамның қажеттіліктеріне жауап беру.

Рубрика: