Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында тұратын Назым Мұқанбаеваны желі қолданушылары екінші Мәдина атап кеткен. Түрі ұқсайтындықтан емес, дауысы аумайтындықтан. Ерекше дауыс иесімен Express Qazaqstan тілшісі әңгімелесті.

45 жастағы Назым Мұқанбаеваны көпшілік екінші Мәдина атап кеткен. Әсіресе әлеуметтік желіде тарап кеткен видеосы желі қолданушылары арасында ерекше қолдауға ие. Онда әнші марқұм Мәдина Ералиеваның «Күрең күз» әнін нақышына келтіріп орындайды. Міне, осы әннен кейін сұхбаттасымызды ел тани бастаған.

Мәдина Ералиеваның «Күрең күз» әнін нақышына келтіріп орындайды. Міне, осы әннен кейін сұхбаттасымызды ел тани бастаған.

«Ұмытпасам 2013 жылы Үржар ауданында Шекер деген апайымыз той жасап мені арнайы шақырды. Сол қуанышта Мәдинаның «Күрең күз» әнін орындадым. Видеоны ауылдың баласы түсіріп әлеуметтік желіге жүктепті. Мен ол видеоны екі жылдан кейін бір-ақ көрдім. Сол кезден бастап мені Мәдина деп атап кетті», — дейді Назым Мұқанбаева.

Үржардағы Абылай хан атындағы орта мектепте музыка пәнінен сабақ беретін ұстаз үш бала тәрбиелеп отыр. Үлкен қызының атын күміс көмей әнші, марқұм Мәдина Ералиеваның атына ырымдап қойыпты. Бірақ тұңғышым әнші емес, психолог болып кетті деп күледі.

© Назым МҰҚАНБАЕВА
© Назым МҰҚАНБАЕВА

Үлкен қызымның аты — Мәдина. Қазір Үржардағы Полиция бөлімінде психолог болып жұмыс істейді. Одан кейін ұл және жиырма жылдан кейін өмірге әкелген қызым бар. Жасы төртте. Ал күйеуім ХҚКО жұмыс істейді,

—дейді ұстаз.

Мәдина Ералиеваның даусымен ән салатын ұстазды тойға шақыратындар да көп екен.

Мені тойларына көбіне үлкен кісілер шақырып жатады. Өйткені орындайтын әндерім салмақты. Шақырған жерден қалмауға тырысамыз ғой. Алла берген дауыстың арқасында көпшіліктің құрметіне бөленіп жүрмін. Оған да шүкір,

—дейді Назым Мұқанбаева.

Назым Мұқанбаева үлкен сахнаға соңғы рет былтыр шығыпты. Алматыда Мәдина Ералиеваны еске алу концертінде өнер көрсеткен. Бірақ ерекше дауысты әнші сол кештен кейін сахнаға шықпауға өз-өзіне сөз берген

«Тұрмысқа он тоғыз жасымда шықтым. Отбасылы болғаннан кейін өнерден мүлдем қол үздім десем де болады. Соңғы рет былтыр Алматыда Республика сарайында өткен Мәдина Ералиеваны еске алу концертіне шықтым. Онда да баласы Әрсеннің қолқа салуымен бардым. Мен уақыт өткізіп алған сияқтымын. Егер осыдан 15-20 жыл бұрын болса мүмкін бәрі басқаша болар ма еді. Концерттерге, түрлі ток-шоуларға шақырып жатады. Бірақ бәрінен бас тартамын. Өйткені жасым да келді. Оның үстіне жұмыс уақыты, барып келудің шығындары бар дегендей…», — дейді әнші.

Қазақтың күміс көмей әншісі Мәдина Ералиева 2000 жылы жол апатынан қаза болғанын айта кетейік.

 

Рубрика: