Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Атырау облысы әкімінің экс орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұл жолы сотталушыға сөз берілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Хаменова сотта ешбір айыпты мойындамайтынын ашып айтты. «Абай ескерткішін орнату үшін Адамовтан (ред. сотталушылардың бірі) да, басқа біреуден де ақша талап еткен де, сұраған да емеспін. Біріншіден, мен қандай болмасын, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне қарсы болдым. Рысқалиев (ред. сотталушы — Атырау облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы) бұл іске мені өзінің заңсыз әрекеттері үшін тартылатын жауапкершіліктен жалтару және жеңілдету үшін ғана араластырып отыр деп есептеймін»,- деді Хаменова.

Сонымен қатар Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары 9 ай тар қапаста отырғанын, анасы мен балаларын көптен бері көрмегенін сөз етіп, жылап жіберді.

«Құрметті сот! Менің әкеден ерте айырылып, шешеден тірі айырылған екі құлынымның дауысын естімегеніме 9 ай болды. Әрі қарай тағдырым қалай болатынын бір Алла біледі. 70 жастағы төсекке таңылған анам бар. Құрметті сот! Қазір күштінің заманы. «Назарбаевтың жақтасы», «Назарбаевқа айтады» дейтін болар. Елбасын жақсы көремін. Ол кісі туралы айта беремін. Сол үшін мені жек көретін болса, жек көре қойсын. Бірақ менің 15 жыл бала оқытқанымды, коронавирус кезінде адамдарды аман алып қалу үшін алысқанымды ел неге айтпайды?», — деді Бақытгүл Хаменова.

Сот 39 томнан тұратын қылмыстық іс материалдарын жариялады. Одан кейін тараптарға материалдарды талқылауға 3 апта уақыт берді. Келесі сот отырысы 3 қазанға белгіленді.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: