Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Тағдыр сынаса да, сынбаған жандар арамызда көп. Солардың бірі — үш баланың әкесі Нұржан мырза. Екі аяғынан айырылса да, мүмкіндігім шектеулі деп үкіметке, елге алақан жайып отырған жоқ. Күнделікті адам тасып, такси жүргізушісі болып, нәпақасын тауып жүр, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұржан мырза туралы танымал блогер, экономист Дәулет Мұқаев айтып берді.

«Өмірде көп нәрсеге көңіліңіз толмай ма? Анау жаман, мынау жаман дегенді көбірек айтасыз ба? 3 баланың әкесі Нұржан ағамыздан үлгі алыңыздар. Күніне кем дегенде 9000 теңге табамын дейді, бастысы адамның ниеті, шүкіршілік! Ал Алла тағала көбірек шүкір айтқан, еңбек еткен пендесіне береді. Тірі адам тіршілігін жасау керек, әрекетке берекет дейтінім де осы. Үлгі алыңыздар. Бос жатпаңыздар. Жұма қабыл болсын», — деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.

Видеода Нұржан мырза өзі жайлы азды-кем ақпаратпен бөліседі. 

«Өмірде сынуға болмайды. Балалар жас қой, қалай сынамыз? Жастарға айтарым, денсаулығы барлар, қадірлесін. Жұмыс істеп, аман-есен бала-шағаларын өндіре берсін. Екі аяғы болса да, ішіп жүргендер бар. Жастардан арақ ішпеуді өтінемін. Жұмыс істеп, әке-шешесіне, бала-шағасына қарайлассын. Жұмыс жоқ дегенге сенбеймін. Дені сау адам кез-келген нәрсені істесе, бала-шағасын асырауға нәпақасын табады. Адамда істеймін деген ниет болса, бастысы сол», — деп бөлісті Нұржан мырза.


Ол күніне қанша табыс табатынын ашып айтты. 

«9 мың теңгеге бір ай бойы екпе салдырып жүрдім. Таңертең соны табамын деп шығамын, табамын. «Бісіміллә» деп көлікке отырамыз, содан Алла несібемді береді», — деп ағынан жарылды Нұржан мырза.

Рубрика: