Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Ол үндеуін Facebook желісінде жариялады. “Осыдан 30-ақ жыл бұрын боданнан босаған ондаған елдердің арасында аймаңдайы жарқырап, оза шапқан қазақ елінің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған еді. Басқа – басқа, осы Қазақстан ел болмай, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді деп болжам жасаған еді. Бүкіл жақсылықтың басында бейбіт күн, жақсылық тұрады. Осының кепілі Назарбаев еді”, – дейді Бекболат Тілеухан деп хабарлайды    oinet.kz

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерін айтып, Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп атауға қарсы шықты. “Алатаудың баурайында туған Алматы облысының жігіті Алматыдан астананы Ақмолаға ауыстырды. Руласы да, сырласы да қарсы болды. Сол кезде бәрі қарсы болды, бәріміз куәміз.

Ештеңеге қарамады. Ауыстырып алып келді. Өйткені мұрат – асыл, мақсат – айқын болатын. Қазаққа қажетті болашақты болжай білгендіктен де ол солай істеді. Осы бір терең сарабдал саясатының тереңіне бойлай алмай қалғанымыз ба, ағайын?” – деді ол

 

 

Рубрика: