АЛТЫНОРДА
Cпорт жаңалықтары

[:kz]Едіге Егемберді жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанды [:]

[:kz]

 

Қазақстандық зілтемірші Едіге Емберді Ташкентте өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Едіге Емберді 73 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Ауыр атлет жұлқа көтеру мен серпе көтеруді қосқанда 309 (136+173) келіні бағындырған. Осылайша, ол жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионы атанып отыр. Бұдан бөлек Едіге «жұлқа көтеру» мен қоссайыста Азияның жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, бұған дейін отандасымыз Елена Рыбакина Уимблдон» турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз. Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді. Рыбакинаны жарқын жеңісімен құттықтаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оған Қазақстан туы астында сәтті өнер көрсеткені және халықаралық аренада еліміздің абыройын асқақтатқаны үшін алғыс айтты.

kaz.nur.kz

 

[:]