Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өңірлерде Ораза айт күні оқылатын намаздың кестесін ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Айта кетсек, 2 мамыр – Ораза айт мейрамы. Ертең, 1 мамыр – қасиетті Рамазан айының соңғы күні. Мұсылман әлемі отыз күн оразадан кейін Шәууал айының алғашқы үш күнінде Ораза айт мерекесін тойлайды.

Ораза айт күндері әрбір мұсылманның шаңырағында бауырсақ пісіріліп, ет асылып, мерекелік мол дастарқан жайылады. Туған-туысқандар, көрші-қолаң бір-біріне қонаққа барып, Айт мерекесімен құттықтайды, сыйлық береді.

Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында айт намазы таңғы сағат 7-де оқылады.

 
 

Рубрика: