Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлемді ауызына қаратқан Димашқа жанкүйерлері ерекше құттықтау жолдады.

Көпшіліктің ерекше құрметіне бөленген әнші Димаш Құдайберген бүгін 25 жасқа толды. Әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері бар талантты қазақ әншісін құттықтағандардың санында шек жоқ. Әлеуметтік желіде пайда болған Санкт-Петербург жұртшылығының ерекше құттықтауы елді сүйсіндірді. Қазақ жігітінің қарапайымдылығы мен тума талантына бас иген жанкүйерлер қазақтың домбырсын шертіп, Димаштың әнін бірге шырқады. арқы жағында болса да, сүйікті әншілеріне деген ерекше құрметі байқалады. Ал, «Ди ханзада» деп ерекше ат қойған Димаштың өзге де жанкүйерлерінен құттықтаулар толастар емес. «Өте әсерлі құттықтау. Димаш сенің адамгершілігіңе бас иеміз» ,»Сүйікті Димашжан! Туылған күніңізбен», «Туылған күнің құтты болсын! Димаш барлығына лайықты» деп жанкүйерлер пікірлер қалдырып жатыр.

ERNUR.KZ 

Рубрика: