Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

«Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиев әлем боксының жұлдызы, украиналық боксшы Александр Усикке шапан жапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

Атақты былғары қолғап шеберімен түскен суретін Арман Жұмагелдиев Instagram stories-інде жариялады. Кадрдан Александр Усик пен отандасымыздың құшақтасып тұрғанын, украиналық спортшының үстінде шапан болғанын байқау қиын емес. Сонымен қатар, Дикий Арман Украина бокс федерациясының вице-президенті Андрей Стрихарскийге де қазақтың ұлттық киімін кигізген. Еске сала кетейік, бокстан Белградта өткен әлем чемпионатында «Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиев вип қонақтар қатарында болды. Ол әлемдік сынға АІВА басшыларының шақыртуымен барған. Сондай-ақ, чемпионат барысында ол шаршы алаңға шығатын боксшыларды жігерлендіріп, кейін жеңіліп қалған споршыларға қомақты ақшалай сыйақы берді. Кейінірек Отандық боксшы «Дикий Арманның» әлем чемпионатындағы рөлі туралы айтты.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: