АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Денелері ісініп, аяқ-қолдары бұралып, жүре алмай қалған»: Екібастұзда адам шошырлық жағдайдағы төрт бала табылды[:]

[:kz]

Екібастұзда еріктілер, полиция және қамқоршылық органдар төрт баласы жан түршігерлік жағдайда жатқан отбасын тапқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жағдайы қиын отбасы туралы көршілері полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жеткен жедел уәкілдер жағдайы жаман пәтерде жеті, бес, төрт және үш жастағы төрт бала жатқанын көреді.

Төрт бала да науқас болып шықты. Олар өз бетімен қозғала алмайды. Қыздың іші үлкен болып ісіп кеткен, ұлдардың бірі бірнеше күн бойы құсып жатқан көрінеді, екі үлкен баланың аяқ-қолы бұралып қалған.

Белгілі болғандай, үйде тамақ болмағандықтан балалар үш күннен бері тамақ ішпеген. Сондай-ақ балалардың киім-кешектері мен аяқ киімдеріде жоқ.

Еріктілер оларға қолдарынан келгенін киіндіріп, дереу жедел жәрдем шақырды. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер балаларды анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жатқызды.

Балалардың облыстық балалар ауруханасында жатқаны туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева айтты. Қызға коронавирус диагнозы қойылды, қалғандары пневмониямен ауырған. Балалардың жағдайы орташа ауырлықта.

Анасының айтуынша, олардың денсаулықтары жыл сайын нашарлап кеткен. Бір жыл бұрын балалар жүрмей қалған.

Ешқандай емдеу мекемесіне бекітілмеген, жүгінбеген, дәрігерлерге көрсетпеген.
Еріктілер балаларға арналған заттарды, ойыншықтарды жинап, ауруханаға тапсырды.

Бұл жағдайға Екібастұз қаласының әкімдігінде түсініктеме берілді, деп хабарлайды pavonkz.

Әкімнің орынбасары Мариям Маликованың айтуынша, қамқоршылық органдары отбасының қиын жағдайын полициядан білген.

Анықталғандай, балалардың 1994 жылы туған анасы мен әкесі бар. Отағасы «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндіру кәсіпорнының мердігерлерінің бірінде жұмыс істейді. 

Шенеунік балалардың денсаулығын жақсарту бірінші кезектегі міндет екенін атап өтті.

[:]