АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]Дәулет ТӨЛЕУТАЙҰЛЫ: Қазақстанға ресейліктер ағылып келуде[:]

[:kz]

 

Елімізге Ресей азаматтары ағылып келуде, деп  хабарлайды «Адырна» тілшісі. Бұл туралы қоғам белсендісі Дәулет Төлеутайұлы өзінің парақшасында жазды.

Дәулет мырзаның айтуынша, банкте кезекте тұрғанында Ресей азаматтығының құжатымен тіркеліп, сол құжатпен жұмыс тындырып жүрген жандарды көп байқаған.

Сонымен қатар, белгілі бір компанияларға Ресейліктерден резюме қаптап түсуде, дейді ол.

«Каспий банкте түсіріп алдым. Кеше 3 сағат кезекте отырып, бір нәрсеге көзім анық жетті. Біздің елге Ресейліктер ағылып келуде. Бәрі каспийден шот, депозит ашуда. IT компаниясын басқаратын досыммен сөйлесіп едім, Ресейліктерден резюме қаптап келуде. Бұл мен байқаған 1-2 мысал ғана. Егер өзіміз бәсекеге қабылетті болмасақ, білім қумасақ нарықтық экономикада жұмыссыз қаламыз! #ойланайық

Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік. (Абылай хан)» деп жазды ол өз жзбасында.

 

[:]