Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Асылхан Төлеповтің жары Айсұлу Нарымбекқызы екінші ұлының өліміне қатысты пікір білдірді. Ол сәбидің неден шетінегенін сұраған жандарға жауап берді. Айтуынша, дәрігерлер әуел баста мұндай жағдай болуы мүмкін екенін ескерткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әйткенмен, Асылхан мен Айсұлу баланы емдеуге барын салған. Актердің жары алдағы уақытта бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін айтып, мән-жайды былай деп түсіндірді: 

«Балаңыздың қай жері ауырды?» деп сұрап жатқан жандарға, мен бұл тақырыпты қозғамаймын. Оның ел аузында әңгіме болып талқыланғанын қаламаймын. Дәрігерлер о бастан не боларын айтып ескерткен.

 


Отбасымызбен барынша амалдар жасадық. Алланың қалауы сол болды. Сабақ алдық. Сабырлық таныттық, әлі де танытып келеміз. Оңай емес. Бірақ өткенді ойлап, қайғы деген тұңғиыққа батпауға бел будық. Пешенемізге жазылғаны. Кейінгісін көре жатармыз. Көрер қызығымыз таусылмасын. Арты тек той болсын».

Айта кетейік, наурыз айының соңында Асылхан Төлеповтің ұлы қайтыс болғанын жазған едік. 

 
 

Рубрика: