Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Дариға Назарбаева трендте! Мәжілісмен «Елбасы медалін» иеленген жеңімпаздармен жүздесіп, жастармен ашық диалог жүргізді. Көптің көкейіндегі сұрақтарға жауап берген соң, депутат жиналғандардың өтінішін де ескеріп, өміріндегі алғашқы тик-тогын түсірді, деп хабарлайды zakon.kz «Еуразия» бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бұл еліміздің «мен» деген жастары. Өңірдің түкпір-түкпіріндегі 21 мың баланың ішінен іріктеліп таңдалған «Елбасы медалі» жобасының 10 үздік қатысушысы. Аталған жоба осыдан бір жыл бұрын басталып, бүгінде жастардың арасында жоғары сұранысқа ие болып отыр. Онда талантты балаларға апта сайын түрлі тапсырмалар беріліп, әр кезең сайын қатысушылардың мықтылығы тексеріледі екен. Бағдарлама салауатты өмір салтын ұстану, кітап оқу, қоғам өміріне белсенді ат салысу сияқты басты бағыттарға негізделіпті.

Ануар Жанғозин, «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры:

Кез-келген 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Тек қана өтінім беру сайт арқылы бізде арнайы жобаның сайты арқылы. Сол арқылы біз іріктеп, бос орын болған кезде оларды таңдап, тәлімгерді береміз. Негізгі мақсат талантты белсенді жастарды анықтап, оларға қолдау көрсету.

Ал төсбелгінің өзі ертең сөреде шаң басып, құр жылтырап тұратын темір-терсек емес. Ертең «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарына көптеген мүмкіндіктер қарастырылған екен.

Бекболат Арыстанбеков, «Елбасы медалі» жобасының жеңімпазы:

Алдағы уақытта бұл медальдің біздің өмірімізге әсері өте ерекше. Шетелге оқып жатсақ, грантқа +1 балл, ал оқушыларға алтын белгі алғанмен тең болады.

Рубрика: