Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Блогер Дархан Жолшыбеков қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін көтерді. Ол сәби сүйе алмай жүрген жастарға өзінің кеңесін айтты. Уролог маманмен кеңестім деген Дархан қазіргі кезде әйелдердің бала көтере алмауына көбінесе ерлері себеп болады деген пікірді алға тартты. Бұл туралы Дархан НТК арнасының TABOO бағдарламасында айтты деп хабарлайд  Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бай, ақшасы көп достарым бар. Сол достарым үйленді да, 1-2 жылдан бері әйелдері бала көтере алмай жүр. Біреулер әйеліне жабуы мүмкін. 
Көбінесе жігіттерден шығады. Олар қыздарға барады, түрлі инфекция жұқтырады. Үйленбеген жігіттер айына бір қызға барып тұрады.
Ал қыздарда ондай проблема болмайды. Қазақ қыздары тұрмыс құрғанға дейін ешкіммен қосылмайды. 

Одан кейін ол жігіт ауру екенін білмейді де. Бай жігіттердің ақшалары бар, олар тексеріледі, дәрілерін ішеді. Ол өте қымбат тұрады. 
Бұл жайында урологпен де сөйлескенмін. Көбінесе 70 пайыз жігіттерден шығады. Ал бірақ ол білінбейді. Оны емдеу ақша жағынан да, физиологиялық жағынан да оңай емес», — дейді блогер.

Мұндай тақырып біздің қоғамда көп қозғалмайды. Алайда Дарханның пікірінше, «бұл жастардың миына құятын ілім». 

Рубрика: