Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Журналистердің Кәрім Мәсімовтің немере інісі — Нұрлан Мәсімовтің Ресей мен Шығыс Қазақстан шекарасын кесіп өту кезінде ұсталуы туралы сұрағына жауап берген облыс әкімі Даниал Ахметов БАҚ өкілдері айтқан тұжырымды жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Оның нақты қайда ұсталғаны туралы ақпарат жоқ”, — деп атап өтті аймақ басшысы ОКҚ брифингінде. 

Аймақ басшысы бұл мәселеге қатысты ешнәрсе айта алмайтынын түсіндірді.

“Ақпаратта бұл оқиғаның Ресей Федерациясының шығысындағы шекарасында орын алған жерден кесіп өтуі мүмкін. Сол себепті мен бұл мәселеге қатысты ештеңе айта алмаймын. Ал, құқық қорғау органдарының тиімді жұмыс істегені күмән тудырмайды”, – дейді Даниал Ахметов.

Рубрика: