Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Президент әкімшілігінің келісімі бойынша мегаполис басшысының орынбасары болып Нүсіпова Әсем Бекқызы тағайындалды.

Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметінен бастаған. 2001 жылы Қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы;

2002-2003 жылдары Президент әкімшілігінің жүйелі зерттеулер Орталығы секторының меңгерушісі;

2003-2005 жылдары Қаржы министрінің кеңесшісі, ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру-сараптама тобының кеңесшісі;

2005 жылы премьер-министрдің кеңесшісі, премьер-министр кеңесшілері тобының жетекшісі; 2006 жылы премьер-министр кеңсесінің жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі;

2007-2008 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі;

2008 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2016-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2020 жылы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болған.

2020 жылдың қазанынан бастап 2022 жылдың ақпанына дейін денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.

 

 

Рубрика: